newWidget
Концертная программа эстрадно-симфонического оркестра «Астана» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Концертная программа эстрадно-симфонического оркестра «Астана»

Өтетін орны: «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34

Күні: 2022 жылғы 7 қазан

Басталуы: 19:00

Әртістер: «Астана» ЭЖҰ.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, «Құрмет» орденінің кавалерлері: Еділ Хусаинов, Нұргүл Сапарова және Ермек Магавин. 

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Әлібек Әлмадиев, Татьяна Ким, Айсұлу Жак, Зарина Божакова, Өнербек Құлов, Глеб Паныч, Ғани Рустамбеков, Олжас Аманбаев, Ақжол Исин және басқалары.

Көркемдік жетекшісі: Ержан Исин

Бас дирижер: Мұхаммад Мұса

Дирижер: Әліби Әбдінұров

Бағдарлама: концерттік бағдарламада белгілі қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал вокалдық, аспаптық, джаз және классикалық шығармалары орындалады.

Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут

Жас шектеуі: 5+

Қосымша:


 

«Жастар» Сарайы елорда тұрғындары мен қонақтарын аспаптық музыка кешіне шақырады.

Сахнада елордалық әкімдіктің «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің әртістері өнер көрсетеді. Концерттік бағдарламада белгілі қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал вокалдық, аспаптық, джаз және классикалық шығармалары орындалады.

Көрермендер алдында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, «Құрмет» орденінің кавалерлері: Еділ Хусаинов, Нұргүл Сапарова және Ермек Магавин өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Әлібек Әлмадиев, Татьяна Ким, Айсұлу Жак, Зарина Божакова, Өнербек Құлов, Глеб Паныч, Ғани Рустамбеков, Олжас Аманбаев, Ақжол Исин және т.б. өз шығармашылығымен қуантпақ. Ұжымның көркемдік жетекшісі Ержан Исин, бас дирижері-Мұхаммад Мұса, дирижері-Әліби Әбдінұров.

«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі ұжымының құрамында 80-ге жуық адам бар.

Олардың барлығы-сүйікті аудиториясына өнер сыйлайтын кәсіби музыканттар. Концертте танымал туындылар айрықша интерпретацияда шырқалады. Жаңа оқу мен ерекше аранжировканың арқасында тыңдарманның сүйікті композициялары жаңаша шырқалады.