ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«ГҮЛДЕР» ансамблінің концерті

«ГҮЛДЕР» ансамблінің концерті

Сипаттама

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі жеке концертіне шақырады.

«Гүлдер» хореографиялық және музыкалық ансамблі - өз ісінің танымал шеберлері мен кәсіпқойлардан жиналған Гүлдер бэнді, балет труппасын және эстрада солистерін біріктірген бірегей ұжым. Ансамбльдің жаңартылған құрамы аты аңызға айналған ұжымның шығармашылығын лайықты жалғастырып қана қоймай, беделді фестивальдер мен байқауларда, халықаралық ареналарда да өз орнын нығайтып, көрермен қошеметіне бөленіп жүр.

Концерт қазақ эстрадасының дарынды әншілері, Қазақконцерт жұлдыздары «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, домбырашы Ардақ Елеусіз, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдіхалық, сондай-ақ 2019 жылғы «Славян базары» халықаралық фестивалінің жеңімпазы Әділхан Макиннің қатысуымен өтеді.

Концерт бағдарламасында жаппай және жеке хореографиялық нөмірлер, «Гүлдер» аспаптық тобы аранжировкасын жасаған эстрадалық композициялар, сондай-ақ солистердің авторлық әндері орындалады. Атап айтқанда, эстрада жұлдыздарының орындауында көпшілік сүйіп тыңдайтын «Мен деп ойла», «Әдемі-ау», «Водовоз», «16 қыз», «Гитара және мен» және басқа да танымал әндер шырқалады. «Гүлдер» ансамблінің балеті көрермен назарына «Бипыл», «Қорқыт» және жаңа «Қытай биі», «Дала әуені», «Көңіл толқыны» және т. б. хореографиялық өнердің түрлі бағытарындағы би нөмірлерін ұсынбақ. Сонымен қатар, әуезді ән мен әсем би салтанат құрған әсерлі кеште ұжымның «Жер ана» вокалдық-хореографиялық композициясының тұсауы кесіледі.

Айта кету керек, 2023 жылдың көктемінде «Гүлдер» ансамблінің жаңартылған құрамының тұсаукесері өтті. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі-Абзал Өсімбаев, бас балетмейстер-Анвара Садықова.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, Республика даңғылы, 2

  • Күні

    25 мамыр 2024 жыл

  • Басталуы

    18:00

  • Жанр

    концерт

  • Автотұрақ

    иә

  • Жас шектеуі

    7+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 25
    Мамыр
    Сенб
    музей ВС РК
    ПЦК (музей ВС РК), Проспект Республики, 2
    бастап 2000
    бастап 2000