newWidget
«Бір кештері» комедиясы Алматы қаласында - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Бір кештері» комедиясы Алматы қаласында

Назарымызда ер адам мен әйел адам арасындағы күрделі қарым-қатынас хикаясы. Барлықт уақытта және барлық шаһарларда қызу талқыға салынатын тақырыптардың бірі көтерілмек. Кейінгі КСРО дәуірінің бейнесі, оның саз әуенді әндері, газдалған сусындарға толы автоматтары, гаджеттерсіз, бір сәтті ұялы байланыссыз еркін өмір… Қойылымның комедиялық жанрына қарамастан, оның тұңғиығында терең мағыналар сақталып жатыр. 

Спектакльде өшпенділіктен нәзік сезімдерге дейін, қайғы-қасіреттен жан рахатына дейін, актерлердің шеберлігімен сомдалатын таза шынайылық пен өнерге деген адалдық тілімен көмкерілген керемет романтика, қызу шиеленістер паш етілмек. 

Қала саябағында екі адамның күтпеген кездесуі және бұл кездесуден қандай оқиға өрбитіні туралы пьеса. Екеуі бір-біріне жалған сөйлеген. Бұл жалған шындықпен шатастырылған. Өзара өтіріктен ақиқат жолына түсу туралы екі жұптың жан түршігерлік әрі қызықты хикаясы. Бірін-бірі туралы бар шындықты біліп, олардың сезімдері одан да зор махаббатқа ұласып шығады, бір-біріне деген маңыздылығы артып, сүйіспеншіліктері нығая түседі.