ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Көк түріктер

Көк түріктер

Сипаттама

«Қорқыт» этно-ансамблі 2015 жылдың қараша айында құрылған. Топтың көркем жетекшісі, мәдениет қайраткері - Шолпан Қорғанбек. 2016 жылғы ақпанда, бірнеше айдан кейін ансамбль «Ғасырлар толғауы» концерті аясында өз тұсаукесерін үлкен табыспен өткізді. «Қорқыт» барлық қазақ халық аспаптарында (қобыз, қыл қобыз, наркобыз, домбыра, сырнай, мүйіз-сырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, саз сырнай, бас-домбыра, сыбызғы, су ағаш, токылдак және т.б.) ойнайтын пікірлес музыканттарды біріктірді.

Ұжымның бірегейлігі оның әрбір әртісінің бір ғана емес, бірнеше аспаптарды меңгеруінде. Осындай әмбебаптықтың арқасында «Қорқыт» халық музыкасын кез келген құрамда орындай алады. Және, әрине, көрермен сахнада мульти-аспапшылардың шеберлігін тамашалап, керемет әсер алады. Топ музыканттары бірнеше аспаптарда ойнап қана қоймай, олардың көбі таңдаймен ән айтудың сирек кездесетін техникасын жетік меңгерген.

Жастарды дәстүрлі музыкалық өнерге тартуға деген құштарлығы әртістерді өздерінің жеке музыкалық стилін үнемі іздеуге тартады. Топтың репертуарының негізін Шолпан Қорғанбектің авторлық өңдеуде орындалған күй, терме және жыр қазақ фольклоры жанрлары құрайды. Шебер аранжировканың арқасында халық музыкасы жаңаша орындалып, оның бейнесі мен сұлулығын барынша ашады. «Қорқыт» шығармашылық қызметі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. 2020 жылғы ақпанда «Қорқыт» 75 шығарманы үзіліссіз орындап, Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына енді.

Тұңғыш рет қалыптасқан Көк түріктер мемлекеті тарихта маңызды орын алады. Тарихта екі жүз жылға жуық өмір сүрген түріктердің тайпалық жүйесі ғасырлар бойы зерттеліп, бүгінгі түркі әлеміне көпір болып келгені белгілі. Концерттің бүгінгі тақырыбы көк түріктердің тарихындағы белгілі тайпалардың композицияларына арналған. Шолпан Қорғанбек осы ұлы тарихта үлкен маңызға ие болған тайпасы туралы «Көк түріктер» шығармасын жазды.

Концертте Марат Бердіғұлов, Малғаждар Әубәкіров, Жамағат Темірғалиев, Балнұр Қыдырбек, Бауыржан Ақтаев сынды композиторлардың шығармалары орындалады, сондай-ақ, «Тоқым қағар», «Төрткүл түмені», «Сұлтан Бейбарыс», «Аманат» секілді авторлық туындылар да ойналмақ.

Кеште ансамбль әртісі Шолпан Шарапатова нар қобызда, Ғайса Тоғжан қыл қобызда жеке өнер көрсетеді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Камералық зал, Абай к. 29

  • Күні

    2024 жылғы 18 мамыр

  • Басталуы

    18: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут 

  • Жас шектеуі

    7+

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 18
    Мамыр
    Сенб
    Государственная академическая филармония имени Еркегали Рахмадиева, Камерный зал
    Камерный зал
    бастап 3000
    бастап 3000