Хан Жәңгір - бойында жақсылығы мен жамандығы жарыса өріліп, атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де көрініс беріп тұратын халқымыздың тарихында өзіндік орны бар айтулы тұлға. Қойылым Жәңгір ханның жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай, жаманын көріп, жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи бағасын беруді мақсат тұтады.