newWidget
«Folk-simphony» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Folk-simphony»

Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 160, Ү. Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы

Күні: 4 маусым 2023

Басталуы: 16:00

Әртістер: 
«Тұран» Этно-фольклорлық ансамблі
Симфониялық оркестр 
Көркемдік жетекші және бас дирижер Берік Сарыбай 
Дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абзал Мұхитдинов.
Дирижер Абай Ақбужуров 
«Гәкку» би ансамблі, жетекшісі Гүлмира Ордабаева 

Жанр: Фольклорлық, симфониялық

Ұзақтығы: 1 сағат 15 минут 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

04 маусым күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Folk-Symphony Kokshetau» фестивалі аясында көркемдік жетекші, бас дирижер Берік Сарыбай мен дирижер Абай Ақбужуровтың жетекшілік етуімен симфониялық оркестр мен «ТURAN» этно-фольклорлық ансамблінің «Folk-Symphony» концерті өтеді. Концертке арнайы шақырылған қонақ – «Астана Опера» МОБТ-тың  шығармашылық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, бас дирижердің орынбасары, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абзал Мұхитдинов.

Концерттік бағдарлама этникалық және симфониялық музыканың квинтэссенциясын ұсынады - қазақ этникалық музыкалық аспаптары мен батыстың классикалық симфониялық аспаптары  өзара үйлесім тауып, бір арнада құйылады. Симфониялық  оркестр мен  «ТURAN»    ансамблінің орындауында көрермендер назарына «Ер тұран», «Қара жорға», «Ұлы тұран мәңгілік», «Қилы заман», «Көроғлы» туындылары ұсынылады. Сонымен қатар орны ерекше туынды - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлованың «Дала сыры» симфониялық поэмасы орындалады. Концертке филармонияның бетке ұстар ұжымдарының бірі «Гәкку» би ансамблі де қатысады.

«ТURAN» этно-фольклорлық ансамблі қазақ халқының төл музыкалық өнерін, көне, архаикалық аспаптардың дыбысын жаңғыртуға, олардың түп нұсқаларын сақтай отыра жеткізудің жаңа тәсілдері мен үлгілерін табуға,  сондай-ақ көненің көзіне айналған көмеймен ән салу өнерін қазіргі заманға сай орындауға ұмтылады.

Ансамбль өзінің 15 жылдық шығармашылық жолында әлемнің 70-тен астам елінде өнер көрсетіп, 1300-ден астам жеке концерттерін беріп, өнеріне тәнті өз көрермендерін жинап үлгерген танымал ұжым. Ұжым «Carnegie Hall» (Нью-Йорк, АҚШ), «Kennedy Center» (Вашингтон, АҚШ), «Konzerthaus» (Берлин, Германия), «Кремль сарайы» (Мәскеу, Ресей), «Palais des Festivals et des Congrès» (Канн, Франция), «Salle Cortot» (Париж, Франция), Мариин театрының концерт залында (Санкт-Петербург, Ресей) және тағы басқа да әлемнің үздік, жоғары кәсіби музыканттары өнер көрсететін  атақты сахна төрлерінде  өнер көрсетіп келеді.

banner