newWidget
Естайдың Қорланы - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Естайдың Қорланы

«Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын
Табиғат берген екен Күн мен Айын.
Мұратқа іздеген жан бәрі жетпес,
Дариға, арманым көп неғылайын?!»
                                                   Естай

Қорлан сұлуды әнге қосқан ақын, қазақтың алақанға салып әлпештеген серісі, әнші перзенті Естайды білмейтін қазақ жоқ. Дүлдүл, сал-серілердің соңғы тұяғы Естайдың аты аталғанда Қорлан сұлу мен «Құсни Қорлан» әні ойға оралады. Естай мен Қорлан ұлы сезім махаббаттың символына айналған тұлғалар. Сахналық туындыда бір-біріне қосыла алмай арманда өткен қос ғашықтың кіршіксіз махаббаты арқау болған. 

banner