Өтетін орны: Нұрсұлтан қаласы, Республика даңғылы, 3, қуыршақ театры
Автор: қазақ халық ертегісіне негізделген
Режиссері: Қ. Ешмұратова
Қоюшы суретшілер: Ш. Елембаева, Н. Клименко
Хореограф: Ю. Амирова
Ұзақтығы:
Жас шектеуі: 6+
Тұрақ: жоқ
Өр рухты ояту негізінде, қиял өрісінен туған әр елдің өзіндік хас батыр тұлғалары бар. Біздің, қазақ халқы да ондай кейіпкерлерден кенде емес. Соның бірі – әйгілі Ер Төстік.
Бұл қойылымда Отанын, ел-жұртын, туған-туыс, ата-анасын Жезтырнақ пен қарақшылардың қара ниеттерінен құтқарып, аман сақтап қалған Ер Төстіктің батыл қадамдары дәріптеледі.
Ар-ождан алдында абыройлы болуға жетелейтін туынды, әркімнің намыс, қайрат, жігерін одан әрмен мықтылай түсеріне сенімдіміз.