newWidget
Концертная программа Эстрадно-джазового ансамбля «Жiгер» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Концертная программа Эстрадно-джазового ансамбля «Жiгер»

Концертная программа Эстрадно-джазового ансамбля «Жiгер»Өтетін орны: Жастар сарайы Республика даңғылы 34

Күні: 2023 жылғы 16 наурыз

Басталуы: 19: 00

Әртістер: Жігер джаз ұжымы

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 5+

Қосымша:

 

 

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблінің Наурыз мейрамын тойлауға арналған концертіне шақырамыз. Концерттік бағдарламада қазақстандық және шетелдік композиторлардың эстрадалық, джаз және аспаптық шығармалары орындалады. Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Рустам Амиров, Берік Козкин сияқты белгілі композиторлардың әндерін тыңдайтын боласыздар. Оның ішінде Сантана, Бруно Марс, Стив Уандер және т. б. сияқты орындаушылардың ХХ ғасырдағы ең жақсы шетелдік хиттерінің каверлері болады.

Концертке халықаралық және қазақстандық байқаулардың солист - лауреаттары: Бақытжан Масалим, Татьяна Ким, Нұрлыбек Закенов және Елена Белякова (бэк-вокал) қатысады. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық джаз қауымдастығының мүшесі (Лос-Анджелес, Калифорния) - Рустам Амиров

Сондай - ақ, Ольга Радештің жетекшілігіндегі «Prima Vera» модельдік агенттігінің қатысуымен «Zeken Moda» брендінің негізін қалаушы, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері - Қайролла Әбішевтің киімдер топтамасының көрсетілімі өтеді.

Концерт 2023 жылғы 16 наурыз күні, сағат 19.00-де «Жастар» Сарайының сахнасында өтеді.

Билеттерді Тикетон интернет-порталы арқылы немесе «Жастар» Сарайының кассасында сатып алуға болады.

Байланысушы тұлға: Байгазинова Анар «Жастар» Сарайы» МКҚК баспасөз хатшысы.

banner