«Желтоқсан жауыны». «ASTANA BALLET» театрында
Сипаттама
Шопен музыкасы мен өмірінен шабытталған екі актілі балет
Композитор - Фредерик Шопен
Режиссер, қоюшы-балетмейстер және сценограф - Кристина Паулин (Германия)
Костюм суретшісі - Стефани Бауэрле (Австрия)
«Желтоқсан жауыны» - Шопен мен Жорж Санд арасындағы қайғылы махаббат хикаясын сыр шертетін көкейтесті әңгіме. Шопен - есімі әйгілі, жүрегі нәзік сезімдерге толысқан композитор. Жорж Санд - XIX ғасырдағы Францияның әдебиет мәдениетіне кіру үшін еркектің лақап атын жамылған ерекше жазушы. Олардың махаббат дастаны екі жұпқа бақыттан гөрі, қайғы-қасірет сезімін көбірек әкелді. Алайда тіпті бүгінгі таңда да, араға екі ғасыр салып, көптеген адамдар олардың махаббатын XIX ғасырдағы ең романтикалық хикая деп таниды. Фредерик Шопен мен Жорж Сандтың мінез-құлықтары әртүрлі болғаны соншалық, олардың бірін-бірі жақсы көріп қалу мүмкінлігі ешкімнің үш ұйықтаса да, түсіне кіріп көрмепті. Нәзікжанды, ауыршаң жас жігіт пен еркектік киімін киіп, халықты арандатқан шымыр әйел. Әйткенмен олардың 10 жылға ұласқан махаббат хикаясы жазушы қызды көптеген тамаша кітаптарды жазуға, ал Шопенды керемет музыкалық жауһарларға шабыттандырғаны сөзсіз. Олардың қарым-қатынасы шексіз махаббатқа әкеліп соқпаса да, ажал алдында Шопен: «О дүниеге өз жылы құшағымда шығарып салам деп уәде беріп еді…» деп есіне алған екен…
Өтетін орны
Астана қ., Ұлы Дала даңғылы, 43, Astana Ballet
Күні
21-22 ақпан 2025 жыл
Басталуы
19:00 және 18: 00
Ұзақтығы
120 минут
Жас шектеуі
7+
Қосымша
7 жастан асқан балаларға жеке билет сатып алу қажет, 7 жасқа дейінгі балаларға кіруге тыйым салынады.
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 21АқпанЖұмAstana BalletЗалбастап 2000 ₸бастап 2000 ₸
- 22АқпанСенбAstana BalletЗалбастап 2000 ₸бастап 2000 ₸