newWidget
Gabrielle Chanel қойылымымен MODANSE балеті Астана қаласында - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Gabrielle Chanel қойылымымен MODANSE балеті Астана қаласында

Өтетін орны: Астана қ., Astana Ballet 

Күні: 27 қазан, 2024 жыл

Басталуы: 18:00

Жанр: балет

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас шектеуі: 10+

Қосымша:

 

 

Gabrielle Chanel спектаклі бар Modance балетінің бір бөлігі ретінде сіз Габриэль Шанельдің білім беру дәрісіне қатыса аласыз

Gabrielle CHANEL қойылымымен MODANSE балеті: Алматы мен Астана қалаларына әлемдік балет жұлдызы Светлана Захарова мен Үлкен театрдың 20 әртісі жол тартты.

Ballet Globe халықаралық балет фестивалі Tan Media-мен бірге Қазақстанда алғаш рет көрсетілетін бірегей «MODANSE» бағдарламасын ұсынып, шығармашылық пен өнерді ұштастырады.

Тұсаукесер 24 қазан күні Almaty Theatre сахнасында және 27 қазан күні Astana Ballet театрында өтпек.

Таңғажайып бағдарлама есімі әлемге аян Үлкен театрдың көрнекті прима-балеринасы Светлана Захароваға арнайы жасалған. Екі бір актілі балеттен тұратын бағдарламада көрермендер назарына итальяндық хореограф Мауро Бигонцеттидің «Тыныс алғандай» атты ұмытылмас қойылымы және де Юрий Посоховтың «Gabrielle Chanel» спектакліндегі керемет хореографиясы паш етіледі.

Кеш Италиядағы танымал La Scala театрының сахнасында алғаш рет ұсынылған «Тыныс алғандай» балетінен басталады. Бұл шығарма әлемнің екі жұлдызы Светлана Захарова мен аты аңызға айналған итальяндық биші Роберто Боллеге арнайы жасалған. Георг Фридрих Гендельдің музыкасы керемет хореография мен стильді костюмдер шығармашылық идеялардың көркемдігі мен бейнелігін ашатын ғажапқа толы қойылымның негізі болып табылады.

Екінші бөлім - GABRIELLE CHANEL балеті. Бұл естен кетпес Габриэль Шанельдің (1883-1971) туындысы хореограф Юрий Посохов пен композитор Илья Демуцкийдің бірлескен жұмысының еңбек жемісі болып табылады. Либретто авторы және режиссер - Алексей Франдетти.

Спектакль аты аңызға айналған кутюрье мен CHANEL үйінің негізін қалаушысының өмірі, оның 20-шы ғасырдың сән әлемі мен стилін мәңгі өзгерткен жолы туралы баяндайды. Габриэль Шанель би өнерін өзін-өзі таныту тәсілдерінің бірі, еркіндік метафорасы және сұлулық көрінісі ретінде таныған. Ол өз заманының ұлы әртістерімен және хореографтарымен көп жылдар бойы жемісті ынтымақтастықта болып, соның ішінде 1920 жылы «ҚАСИЕТТІ КӨКТЕМ» қойылымында би әлемінде революция жасаған Ballets Russes негізін қалаушы Сергей Дягилевті қолдады. Сондай-ақ ол 1924 жылы LE TRAIN BLEU Мийо және 1929 жылы Парижде APOLLON MUSAGETE Стравинский балеттеріне арналған костюмдер әзірледі.
100 жылға жуық уақыттан кейін Virginie Viar басшылығымен CHANEL креативті студиясы 85 эксклюзивті балет костюмін әзірлеп, мұрағаттық материалдармен бірге GABRIELLE CHANEL балетін жасаушыларға берді.

Сонымет қатар, бағдарламаға Үлкен театрдың 19 әртісі, соның ішінде әлемге әйгілі бишілер: Михаил Лобухин, Денис Савин, Артемий Беляков, Вячеслав Лопатин, Анастасия Сташкевич және Анна Туразашвили қатысады. Өнері асқақтаған әртістердің дарыны мен шеберлігінің үйлесімі сахнада бірегей атмосфера жасайды.

«MODANSE» бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендердің жүректерін тербеп, енді бұл сиқырлы қойылым Қазақстан төрінде де паш етілмек! 24 қазан күні Алматыда және 27 қазан күні Астанада естен кетпес әсер қалдыратын қойылымнан қапы қалмаңыздар.

Ұлы өнердің куәгері болып, би өнеріне тәнті болуға дайын болыңыздар!