Ынтызар екі жүректің бір-бірін ұната тұра жылататыны, аңсай тұра азаптайтыны бар. Азапсыз махаббат – арзан махаббат, мөлдір махаббат – маржан махаббат. Адам тағдыры да жаймашуақ жаздан кейін көңілді құлазытар күрең күздің келетініндей, жарқыраған жарық күн бетін қара бұлттың көлегейлейтіні сияқты аумалы-төкпелі.
Ғашықтық пен махаббат өмірдің көркем көктеміндей, сағыныш пен өкініш, құлазу мен қамығу сезімдерін күзге теңеуіміздің себебін осы спектакль таныта түспек.
Хореограф: Қуанышбек Төлеген
Костюм суретшісі: Мадина Қосмағанбетова
Режиссер ассистенті: Нұржан Қасымов
Жаңа әндердің авторы: Қайрат Ақтаев
Ән мәтіндерінің авторлары: Нұржан Қасымов, Нұрлан Қожантаев