newWidget
Атау-кере - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Атау-кере

https://ticketon.kz/media/upload/41286u55201_atau-kere-yafisha-8sur-tiketon.jpgӨтетін орны: Қарағанды, Бұқар жырау даңқы, 27, Сәкен Сейфуллин атындағы театр

Спектакль авторы: О. Бөкей

Қоюшы режиссері: А.Салбанов

Ұзақтығы: 90 мин

Жанры: драма

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

Неге біз осы..? Адам баласының  өзіне де, өзгеге де күніне сан рет қоятын, жауабы жоқ сұрағы бұл! Аралар жасай алған бір-біріне мейірімді, бауырмал қоғамдық өмірдің деңгейіне жете алмай жүрген  адамдар қоғамындағы адамгершілік болмыс алаңдатып, күйкі тірлік шаршатқан Таған тәрізді кейіпкер мына  адамдар менің білгенімнің ең болмаса, 5 пайызын білсе ғой деп армандайды. Сонда әлем өзгеше, біздің өміріміз де басқаша болар еді деп ойлайды.  

Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі әр кейіпкердің қаймағы бұзылмаған таза табиғат аясындағы іс-әрекеттері арқылы оның ішкі жұмбақ әлеміне бойлап, тұлғасын тани түсесіз.

Енді бірде Таған ұдайы мазасын алған «Неге біз осы?» деген сауалға жауап тапқандай болады. Осылайша, адамдық түп-тамырына қайта оралған Тағанға Табиғат ана құшағын жаяды.

«Атау-керек» қойылымы-дүниені бүлдіретін құлағы бар саңыраулардан, жанары бар соқырлардан сақтасын деген ойға жетелейді. 

Сіз де, қымбатты көрермен, «іздеген жетер - мұратқа» дегендей, «Неге біз осы» деген сауалдың жауабын іздеп көріңіз.

banner