newWidget
«Ақжелең» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Ақжелең»

2022 / 2023                    К.Байсейітова атындағы камералық зал                   X маусым

9 маусым * жұма * 19.00

 

«Қазақквартет шақырады» топтамасы

 

Концерт

«Ақжелең»

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті жазғы концерттер топтамасында өз тыңдармандарына Й.Гайдн, М.Равель, Х.Вольфтің туындыларынан дайындаған бағдарламасын ұсынады, сондай-ақ дәстүрлі түрде оған ұлттық музыка мәдениетінің біртуар өкілдерінің шығармасы енгізіледі – ұжымның таңдауы бұл жолы күйші әрі сазгер Қазанғапқа түскен.

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің шыңдалған шеберлік деңгейі лауреаттық атақтармен, жүлделермен және айтулы халықаралық конкурстардың сыйлықтарымен бірнеше дүркін ескерілді. Ұжымның шығармашылық қызметі жоғары бағаға ие болды – ұжым «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, үкіметтік «Ерен еңбегі үшін» марапатының иегері.

 

БАҒДАРЛАМА:

Й.Гайдн. Ішекті аспаптар квартеті, ор.64 № 6, ми-бемоль мажор

1. Allegro

2. Andante

3. Menuetto: Allegretto

4. Finale: Presto

 

М.Равель. Ішекті аспаптар квартеті фа мажор, М.35

1. Allegro moderato (фа мажор)

2. Assez vif, très rythmé (ля минор)

3. Très lent (си-бемоль мажор)

4. Vif et agité (фа мажор)

 

Х.Вольф. «Италиялық серенада» (W17/2)

 

Қазанғап. «Ақжелең» (А.Сағымбаевтың ішекті аспаптар квартетіне арналып өңделген)

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар ТОҚТАЛИЕВ (1-ші скрипка)

Алексей ЛЕБЕДЕВ (2-ші скрипка)

Бекзат САЙЛАУБАЙҰЛЫ (альт)

Ернар МЫҢТАЕВ (виолончель)

 

Көркемдік жетекші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ернар Мыңтаев

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.

banner