newWidget
«Ән-күй қанатында» концерті - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Ән-күй қанатында» концерті

Өтетін орны: Нұр-сұлтан, Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ

Күні: 2022 жылғы 25 маусым

Басталуы: 17:00

Әртістер: 

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

Ұлттық музыка өнерінің жарық жұлдыздары өнер көрсететін жаңа концертке шақырамыз!

Әуелеген әсем ән, күмбірлеген күй мен жыр жауһарлары орындалатын ерекше өнер кешін Қазақконцерт әртістері ұсынады. Концерт белгілі ғалым, ақын, «Алаш» партиясының мүшесі, қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан тұлға Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен домбырашы, әнші Мүгілсім (халық арасында Аққыз деп танылған) Ахметқызының 125 жылдық мерейтойына арналады.

Концертке қатысушылар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Айгүл Елшібаева, Құмарбек Қалқатай, Мұхаметжан Тілеуханов, Ерболат Шалдыбеков, Болат Тәкішев, Батырлан Әбенов; халықаралық байқаулардың лауреаттары Күнсұлу Түрікпен, Дінисламбек Жайлаубай, Асқар Мұқият, Біржан Айтахметов, Манап Анықбек, Мадияр Сүлейменов.

Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар!

banner