А.Л.Ж.И.Р. - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

А.Л.Ж.И.Р.

Автор: А. Дәулетұлы

Премьера күні, жылы: 29.04.2022

Режиссёр: А. Дәулетұлы

Жанр: драма

Ұзақтығы: 135 минут

Жас санаты:  12+

Қосымша: 

 

 

 

 

Қазақ халқы сан ғасырлық тарихында қаншама дүрбелең оқиғаларды басынан кешірді. Тәуелсіздік жолында басталған сұрапыл соғыстар мен патшалық Ресейдің ұлтты жою саясаты ұлт тамырына тіке шабылған балта болды. Соның ішінде, ерекше қасіретімен тарихта қалғаны – Сталиндік репрессия екені анық. Ұлт зиялыларын жазықсыз жалмап қана қоймай, халық жауларының әйелдерін де темір торға тоғытып, аяусыз жазалады.

Осы оқиғаны арқау еткен шығармада халық жауларының әйелдері арқылы сол заманның ащы шындығы әшкереленіп, Кеңестік қатігез жүйенің беті ашылады. Алаш ардақтылары ел болашағы үшін барын беріп қана қоймай, бодандықтан босау үшін жанын да құрбан еткендер. Дәл осы тұрғыдан қазіргі тәуелсіз заманда бұл шығарма өзекті болмақ. Туынды ұлт қасіретін бүкпесіз бейнелей отырып, жас ұрпақты патриотизмге баулиды. Әр кейіпкердің ішкі психологиясы арқылы егемендік түсінігінің ұлылығын ұғынуға болады.

banner