newWidget
«АҚҚУЛАР САЗЫ» қобыз күй терапиясы - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«АҚҚУЛАР САЗЫ» қобыз күй терапиясы

«АҚҚУЛАР САЗЫ» қобыз күй терапиясы

Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ

Күні: 2023 жылғы 4 маусым

Басталуы: 19:00

Жанр: этнотерапия

Тұрақ: бар

Ұзақтығы: 80 минут

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Раушан Оразбаеваның қобыз күй терапиясына арналған «Аққулар сазы» атты концерттік іс-шара өтеді.

«SWAN TUNES» (Аққулар сазы) музыкалық терапиясы – киелі құс аққуға арналған және 24 күйден тұратын концерттік бағдарлама. Белгілі қылқобызшы Раушан Оразбай бұл тұжырымдаманы музыкалық терапия ретінде қарастырып, тыңдаушыларды тамаша көңіл-күйге түсіру үшін ойластырды. Оның айтуынша, қылқобыз әуендерінің емдік қасиеті бар, қобыздың үні табиғат пен жан-жануарлардың дыбыстарын айнытпай салады. Сондай-ақ, әр күйдің жеткізетін ақпаратын түсіне білген  көрермен жаңа қуат көзіне кенелгендей әсерде болады деп есептейді.

Раушан Оразбаева осы бағдарламамен Германия және Австрия мемлекеттерінің сахнасында өнер көрсетіп, көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болды. Ол сонымен қатар Еуропа мен АҚШ сахналарында қазақтың дәстүрлі өнерін паш етті.

Концерт барысында дәстүрлі музыкалық шығармалар орындалады.  

banner