ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Абай»

«Абай»

Сипаттама

Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди

«Абай»

Төрт бөлімді опера

Қазақ тілінде орындалады

(орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен қамтылған)

* * * * *

Либретто авторы Мұхтар Әуезов

Премьерасы 1944 жылы 24 желтоқсанда Абай атындағы МАОБТ өтті

«Астана Опера» театрындағы премьерасы 2015 жылғы 25 қыркүйек

Ұлттық классика жауһары А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы дирижер Алан Бөрібаев пен режиссер Джанкарло дель Монаконың жаңа қойылымында көрерменге жол тартпақ. Қойылымның музыкалық жетекшісі театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың партитураны жеткізе білуі ерекше: музыкалық материал анық-қанық түсіндіріліп, ой шыңының асқақ биігінде оқылған. Оның басқаруындағы оркестрдің үні де есте қаларлық!

Қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші «Оскар» сыйлығының лауреаты Франка Скуарчапиноның керемет үйлескен шығармашылық жұбы сахна төрін түрлендіріп, бірегейлігімен тамсандырады. Осылайша, ақынның ішкі жан-дүниесінің байлығы Абайдың жұмыс орнының көрінісінде айқын байқалады: алтын түсті орасан зор кітапхана, глобус, армилляр (астрономиялық құрал), ұлы данышпандардың мүсіндері... Ал бөлменің есігі тұтас әлемге айқара ашылғандай!

Соңғы көріністе пайдаланылатын 3D-технологиясы өте орынды қосылып, шаттыққа толы әсерге бөлейді, жүректерді отансүйгіштік сезіміне толтырады.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Абай Жанат ШЫБЫҚБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (дебют)

Айдар Талғат АЛЛАБИРИНОВ /

Мейір БАЙНЕШ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ажар Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері /

Салтанат АХМЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әзім Бейімбет ТАҢАРЫҚОВ / Мерей ҚАДЫРХАНОВ

Жиренше Алтынбек ӘБІЛДА, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты /

Талғат ҒАЛЕЕВ

Қарлығаш Татьяна ВИЦИНСКАЯ / Айгерім АМАНЖОЛОВА (дебют)

Көкбай Сұлтан БАҚЫТЖАН (дебют)

Сырттан Шыңғыс РАСЫЛХАН / Валерий СЕЛИВАНОВ

Нарымбет Рамзат БАЛАКИШИЕВ

Мес Артур ГАБДИЕВ (дебют)

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қоюшы дирижер Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Дирижер Элмар Бөрібаев

Қоюшы режиссер Джанкарло дель Монако

Режиссердің кеңесшісі Есмұқан Обаев, Қазақстанның Халық әртісі

Сценограф Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапино

Хормейстер Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша суретші Серджио Металли

Жарық бойынша суретші Виничио Кели

Қоюшы балетмейстерлер Тұрсынбек Нұрқалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Ғалия Бөрібаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Опера труппасының директоры Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы дирижердің ассистенті Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссердің ассистенті Еренбақ Тойкенов

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті Арасель Досмұратова

Ескеруді сұраймыз: спектакльге жануарлар (жылқы) қатыстырылады

2018 жылы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының қойылымы үшін Қазақстан Республикасы мәдениет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал)

  • Күні

    13,14, 22, 24 қыркүйек , 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    2 сағат 30 минут (бір үзіліспен)

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 13
    Қыркүйек
    Жұм
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸
  • 14
    Қыркүйек
    Сенб
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸
  • 22
    Қыркүйек
    Жекс
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸
  • 24
    Қыркүйек
    Сейс
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸