Жәмилә
Сипаттама
«Жәмилә» - бұл қалыптасқан дәстүрлерге қарсы шығып, тағдырына ұмтылған жас әйелдің қиын махаббаты туралы әңгіме. Махаббат оның тағдырындағы басты сынаққа айналады. Барлық кейіпкерлер - ата-баба өсиеттерін құрметтейтін мекенмен тығыз байланысты халықтың нағыз адамдары. Шыңғыс Айтматовтың повесі бойынша қойылған «Жәмилә» спектаклі «Жыл премьерасы» номинациясы бойынша Ticketon Award 2019 мәдениет және ойын-сауық саласындағы қазақстандық сыйлықтың жеңімпазы болып табылады. «Әкем Алматыны қатты жақсы көретін. Сондықтан осы қалада «Жәмилә» спектаклі қойылатынын естіп, өте қатты қуандым. Бұл әкемнің ең алғаш повестерінің бірі, ең танымалы. Бұл туынды алғаш шыққанда, қоғам оны өте наразылықпен қарсы алды, олардың көңілдерінен шықпаған еді. «Жәмиләға» тыйым салып, әкемді қуғынға жібермекші болған еді. Кейінірек «Жәмилә» Мәскеуде басып шығарылған болатын, одан кейін адамдар оған басқа қырынан қарады. Мүлдем басқаша көзқарас басталды», деп әңгімелейді жазушының ұлы Эльдар Айтматов.
Өтетін орны
Алматы қ., Абай даңғылы, 117, Жас САХНА Театры (Үлкен зал)
Спектакльдің авторы
Шыңғыс Айтматов
Режиссері
Ұланмырза Қарыпбаев
Суретші
Нұржан Самедов
Музыкалық безендіру
Данияр Сатыбалдиев
Жанр
Драма
Ұзақтығы
Үзіліссіз 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі
12+
Қосымша
Спектакль толығымен қазақ тілінде ойналады.
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 24ҚарашаЖексТеатр Жас СахнаБольшая сценабастап 7000 ₸бастап 7000 ₸
- 21ЖелтоқсанСенбТеатр Жас СахнаБольшая сценабастап 7000 ₸бастап 7000 ₸