newWidget
Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі

Мекенжайы: Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 60

Музейдегі турдың ұзақтығы: 35-40 минут

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі — музей жабық.
Сейсенбі-жексенбі — 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Мереке және демалыс күндеріндегі музейдің жұмыс тәртібі:

Дүйсенбі — музей жабық.
Сейсенбі-жексенбі — 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Жас шектеулері: жоқ

 

 

 

ХХ ғасырдың ұлы реформаторы, қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым-лингвист, қазақ филология ғылымының негізін қалаушы, ақын-аудармашы, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының музей үйі 1993 жылы Алматыда ұйымдастырылды.

Музей қорында ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материал жинақталған, оның 300-і мемлекеттік мұрағаттың түпнұсқа құжаттары, 12 жеке және 27 ұжымдық фотосурет болып табылады.

Музей ғалымның өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу жөніндегі ғылыми орталық болып табылады.

Музейде 500-ге жуық кітап, 250 әдеби журнал, ғылыми конференциялар материалдары мен газеттер тігілетін кітапхана жұмыс істейді.

Алматы қаласы әкімінің қаулысымен 2021 жылдың қазан айында музей үй «Алматы қаласының музейлер бірлестігі» КМҚК құрамына берілді.

Билет бағасына кіреді: музейге, негізгі экспозицияға, сондай-ақ уақытша көрмелерге кіру.
Музей ережелері:
  • Сырт киімді шешу керек,
  • Жоғары тұрған ұйым бекіткен баға прейскурантына сәйкес көрсетілетін қызметтің құнын төлеу
  • Экскурсия кезінде тыныштық сақтау және экспонаттарды ұстамау,
  • Жоғары тұрған ұйым бекіткен баға прейскурантына сәйкес суретке түсіруге, фото-бейнекамераға түсіруге рұқсат етіледі.
  • Темекі шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге тыйым салынады.
  • Келушілер орталыққа тамақ өнімдерін әкелмеуі тиіс
  • Келушілер өз пікірлері мен ұсыныстарын қалауы бойынша «пікірлер мен ұсыныстар» кітабына қалдыра алады
Билет құны (балалар/ересектер/жеңілдікті):

Балалар билеті – тегін

Ересектер билеті – 1000 тг

Студентік билет – 500 тг

Зейнеткерлік билет – 300 тг

Шетелдік азаматтар – 1500 тг