Jaqtaudağy Gül
Сипаттама
Jaqtaudağy Gül Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид тақырыбына арналған спектакль. Спектакль екі жасөспірімнің бастан өткен кешірмесін баяндайды. Бұл оқиғалар бүгінгі қоғамда шешілмей, жабық жатқан жүйелі проблемалармен өріліп жатыр. Мектептегі буллиң, мұғалімдер тарапынан қысым, ата-аналар мен балалар арасындағы байланыстың нашарлауы жасөспірімдерді қиындықпен жалғыз бетпе-бет қалуына əкеледі. Психикасы бұған дайын емес балалар мəселенің шешімін суицидтен көруі мүмкін. Мұндай жағдайларды балалар, жасөспірімдер жан дүниесінен қалай өткізеді? Нені сезініп, нені айтып, нені айта алмайды? Ересектер не нəрсеге мəн беріп, не нəрсеге мəн бермей жатады?.. спектакльден көре аласыз
Дисклеймер:
Бұл қойылымда жасөспірімдер суициді тақырыбы көтеріледі. Жасы 18-ге дейінгі және осыған қатысты жеке травмасы бар көрермендерге ұсынылмайды. Егер сөйлесуге немесе психологиялық қолдауға қажеттілік туындаса, психикалық және эмоционал саулық мамандарына немесе дағдарыс қызметтеріне хабарласудан тартынбаңыз.
Өтетін орыны
ArtKöshe, С.Марков көшесі, 44 / Almaty Creative
Ұзақтығы (мин)
70 минут
Премьера күні
20-21.09.2024
Концепт
әннәс Бағдат
Мәтін
Мереке Анық
Режиссер
Куба Адылов
Сценография
Ксения Мукштадт
Композитор
Бексұлтан jeltoksan. Бағытжан
Продюсер
Дәурен Бақберген, ә.Бағдат
Актерлер
Балнұр Әбдіғалиева, Мадияр Жолдасбек, Асыл Сәрсен, Мұхтар ҚосыбайJaqtaudağy Gül Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид тақырыбына арналған спектакль. Спектакль екі жасөспірімнің бастан өткен кешірмесін баяндайды. Бұл оқиғалар бүгінгі қоғамда шешілмей, жабық жатқан жүйелі проблемалармен өріліп жатыр. Мектептегі буллиң, мұғалімдер тарапынан қысым, ата-аналар мен балалар арасындағы байланыстың нашарлауы – жасөспірімдерді қиындықпен жалғыз бетпе-бет қалуына əкеледі. Психикасы бұған дайын емес балалар мəселенің шешімін суицидтен көруі мүмкін. Мұндай жағдайларды балалар, жасөспірімдер жан дүниесінен қалай өткізеді? Нені сезініп, нені айтып, нені айта алмайды? Ересектер не нəрсеге мəн беріп, не нəрсеге мəн бермей жатады?.
Жанр
драма
Жас шегі
18+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 20ҚыркүйекбүгінArtKösheбастап 5000 ₸бастап 5000 ₸
- 21ҚыркүйекертеңArtKösheбастап 5000 ₸бастап 5000 ₸