ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Алматы
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Александр Меркуль Алматы қаласында

Александр Меркуль Алматы қаласында

Сипаттама

Жоғары деңгейлі әзіл мен керемет көңіл күйдің кеші!

Александрдың қолындағы микрофоны сиқырлы әзіл шығаратын аса таяқ іспетті, микрофонды айналдыру шеберлігі өткір тіл шеберлігінен кем түспес. Бір емес, үш тілді қатар алып әзіл шашатын әзіл майталманы орыс, түрік, ағылшын тілдерінде өнерін жаудырады. Әр тілді жетік меңгерген ол өз білімін мерекелік іс-шаралардың жүргізушісі ретінде іске асырады. Әйтсе де, ол өзін асаба деп атауға асық емес. Біріншіден, Асаба Александр деген тіркестің өзі құлаққа жақпас. Екіншіден, той жүргізуді Александрдың сүйек-қаны көтермейді екен. Дарынды шоумен ретінде жетіліп, өз кәсібінде жоғары жетістіктерге жетті. Әзіл әлемінің әрбір әртісі сияқты, Александр өз жолын КВН-нен бастаған екен, «7 километр» атты көңілді тапқырлар ұжымы сол кездері ең беделді елордалық оқу орындарының атынан өнер көрсеткен. Осы бастаудан Александр баға жетпес тәжірибе алып, шығармашылық дамуында берік іргетасын қалады.

Уақыт өте келе Александр «Sun Project» атты жобаның резиденті атанады. «Sun Project» - Астанадағы Stand up жанрының әртістері жиналған шығармашылық бірлестік. Осылайша Александр стендап комик атанып, өзінің керемет монологтарымен өнер көрсетіп, жобаның таңдаулы конферансьесі атанды. Елордалық комиктердің әзіл кештері Александрдың бастауымен ашылады. Дәл осылай әзілкеш әртіс өзінің тәжірибелігі мен шебер импровизация өнерін баптағаны сөзсіз.

Александрдың жетекшілігімен өткен іс-шаралар әрдайым көңілді, жарқын, жайдары атмосферада, еш зеріктірмей өтеді. Көрермендермен жұмыс істей білу қабілеті той-томалақтарда қонақтарды үркітпей, керісінше қуана-қуана ойын ортасына шығаруға мүмкіндік береді. Дауысы айқын, сөйлек мәнері таза, бірдей үш тілде тіл байлығы мол әртістің шеберлігі тәнті етпей қоймайды.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 1а, Bla Bla bar Almaty

  • Күні

    2024 жылғы 12 сәуір

  • Басталуы

    20:00

  • Бағдарлама

    стенд-ап, импровизация

  • Ұзақтығы

    180 минут

  • Жас шектеуі

    21+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 28
    Қыркүйек
    Сенб
    Bla Bla Bar Almaty
    Без рассадки
    бастап 15000 ₸
    бастап 15000 ₸