Өтетін орны: Нұр-сұлтан қаласы, Ж. Омаров көшесі, 47б, МТЮЗ, Үлкен зал
Спектакль авторы: Александр Николаевич Островский
Премьера күні: 31 наурыз 2022 ж.
Қоюшы Режиссер: Мекан Джумабаев
Жанр: әлеуметтік комедия
Ұзақтығы: 1 сағ. 20 мин.
Жас шектеуі: жоқ
Қосымша:
XIX-ғасырдағы әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі А.Н.Островскийдің «Жылы орын» (Доходное место) туындысы күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Шындық пен әділдік үшін күрескен жас буынның жан айқайы мен билік басындағылардың өзара ойыны суреттелетін туындының айтары көп.
Ағасынан қызмет сұрап барған Жадовтың басынан өткен қиындықтар арқылы, айналасындағы адамдардың көрсе қызарлығымен ақшаның жолында ар-ожданын жалаңаштайтынын көруге болады.
«Билікке жету үшін білімнің қажеті жоқ, ең бастысы жақсы тіреуің мен танысың болса болғаны»,-деп есептейтін, оңай жолмен келген ел қазынасын ішіп жеуінен басқаға жұмсамайтын шенеуніктердің өмірі суреттеледі.
Вышневскийдің көрер көзге сыртқы сұлулығын көрсету үшін ғана үйленген әйелінің жан-дүниесін толғандырған не? Жақсы өмір сүруі үшін армандарымен қоштасып, ағасынан қызмет сұрауға қайта барған Жадов неге куә болды? Шындық, әділдік сынды құндылықтар Жадовтың жақсы тұрмыс кешуіне көмектесе ме?
Өмір мен қоғам талқысындағы осынау өзекті мәселелерді А.Н.Островскийдің «Жылы орын» әлеуметтік комедиясынан көруге болады.
Актерлар: