Жасасын махаббат - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Жасасын махаббат

Жасасын махаббатАвтор: М. Хасенов

Премьера күні, жылы: 06.03.2016

Режиссёр: С. Қамиев

Жанр: Музыкалық қойылым

Ұзақтығы: 90 мин

Жас санаты: 12+

Қосымша:

 

 

 

 

Спектакль үш жас жұптың достық әзіл-қалжыңына құрылған музыкалық комедия.  Десе де қалжыңның астары қоғамды жайлаған, бүгінгі күні үлкен дертке айналған, сабырсыздық, сенімсіздік, махаббатын қадірлемеу салдарынан қаншама жанұялардың шаңырақтары ортасына түскенін ескерте кетіп, достардың көмегімен ақиқаттың түбіне жете отырып түтіндері түзелген отбасылық қуаныш! Жұптардың өзара түсініспеушілігінен  араларынан қызғаныш атты «қара мысық » өтіп кете жаздайды.

Ауылдан, қалаға актер болсам деген асқақ арманы жетелеп келген жас абитуриент жігіт Бекзаттың өзінше «актерлік шеберлігін» мойындатқысы келген «ащы» әзілі, достардың достығын, жұптардың отбасылық беріктігінің негізін қалайды. Ажырасу туралы асығыс қабылданған шешім, масқара  күлкіге, үлкен ұятқа қалдырып, өмірлік сабақ болады.

Актерлар: 

  • Бекзат – артист Балташ Абылхаков
  • Ғазиза  – артист Айгүл Хамит
  • Зәуреш – Аяулым Тұрұсбекова, Еркежан Айтқазықызы
  • Бану – Назым Тайменова
  • Богратион – Едіге Акылбеков, Тимур Тураров
  • Есет – Алибек Малшиев, Олжас Турганов
  • Қасым – Абай Хасенов, Мағжан Аразалинов
banner