Жарқанат - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Жарқанат

Өтетін орыны: Семей қ., Абай атындағы театр

Автор: Иоганн Штраус

Қоюшы-режиссер: Нұрлан Джуманиязов (ҚР Еңбек сіңірген қайраткері)

Дирижер, хормейстер: Данияр Сеилхадиров

Концертмейстер: Елена Обухова

Қоюшы-суретші: Жанна Джунусова

Биін қоюшы: Рыстығайша Иманбекова (ҚР Мәдениет қайраткері)

Жарықпен көркемдеуші: Айдос Байгелдин

 

 

Иоганн Штраустың «Жарқанат» атты опереттасы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязовтың режиссерлігімен сахналанды. Шығарма негізі Генрих Айзенштейннің соттан жеңіліс табуынан басталады. Түрме директоры Франк Альфредты Айзенштейннің орнына қамап, оқиға желісін шиеліністіре түседі. Кезекті оқиға барысы Орловский князьдің үйінде болатын балмаскарадта жалғасады. Жарқанат киімінде Розалинда екенін білмеген Айзенштейн  оған ғашықтық сезімін білдіреді. Қызықты, әрі тартысты қойылым соңы бір-бірінің қателігін түсініп, махаббаттары қайта жаңғырады. Махаббат деген ұлы сезімнің мәңгі болуы бір-біріне деген адалдық, шынайылықтың нәтижесінде екендігін автор өз шығармасында сөз етеді.