Драматург, режиссер Болат Ұзақовтың «Жандауа» трагедиясында - ауылдан қалаға көшіп келген қария мен кейуананың отбасымен бірге қала өмірінен тартқан машақаттары, жалғыз ұлдарының бұзақылар ортасына, одан әрі есірткіге әуестеніп, азап кешуі баяндалады.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың «ғасыр дерті» саналатын нашақорлық тақырыбындағы шығарма жас буынды нашақорлық, ішімдік секілді жат, жаман әдеттерден аулақ болуға, салт-дәстүрді дәріптеуге және үлкендерді құрметтеуге үндейді.