Ысқақ - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Ысқақ

ЫсқақАвторы: Нұрислам Әбділ  

Сахналық нұсқасын жасаған: Фархадбек Қанафин

Премьерасы болған уақыты: 15-16 қыркүйек

Қоюшы режиссері: Ф.Қанафин

Қоюшы суретшісі: Б.Ахметова

Киім үлгісінің суретшісі: Б.Ахметова

Биін қойған: Ж.Темербаева

Вокал жетекшісі: Ж.Айтбаев    /ҚР Мәдениет саласының үздігі/

Қойылым ұзақтығы: 1 сағат

 

 

Даңқты жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Ысқақ Ыбыраевтың 110 жылдығына орай сахналанды

«Бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанда соғыс рақымсыздықпен тең, ал Отан үшін күресу – бұл әркімнің міндеті» - дейді Ги де Мопассан. Ұлы Отан алдындағы азаматтық борышын адал өтеген ержүрек батырлардың ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.

Оқ пен оттың ортасынан өз жанын ғана арашалап қалмай саптағы сарбаздарын жетелеп жеңіске жеткізген лейтенант, «Ленин» және «Қызыл жұлдыз» ордендерінің иесі, Кеңес Одағының батыры, көрнекті қоғам қайраткері – Ысқақ Ыбыраевтың көзсіз ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болары анық.

Бұл спектакль Қазақстан театры кеңістігінде вербатим жанрында (деректі материялдар негізінде) алғаш рет қазақ тілінде сахналанған қойылым болып табылады.

*Вербатим (латын тілінен: Verbatim – сөзбе сөз) деректі театр жанры

banner