Автор: К.Гольдони
Премьера уақыты: 27, 28 ақпан 2019 ж.
Режиссёр: Б.Шамбетов
Аударған: Б. Бекмағамбетова
Жанр: комедия
Ұзақтығы: 1 сағ. 50 мин.
Жас санаты: 16+
Италияндық драматург Карло Гольдонидің қаламынан туындаған «Венециялық егіздер» қойылымы, екі бөлек отбасында тәрбие алған, мінездері бір-біріне қарама-қайшы егіздер, Дзанэтто мен Тониноның тағдыры жайында болмақ. Венецияға қалындық іздей келген екеуін шатастырған өзге жұрттың іс-әрекеттері еріксіз күлкі тудырады. Махаббаттың машақаты қала тұрғындарын әбігерге салып, оқиға одан әрі шнеленісе түседі. Қызыққа толы Венециялық егіздердің тағдыры не болатынын, бірге тамашалайық.
ҚОЙЫЛЫМ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРДІҢ СҮЙЕМЕЛДЕУІМЕН ӨТКІЗІЛЕДІ