Сыған серенадасы - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Сыған серенадасы

Сыған серенадасы

Автор: И. Сапарбай

Қоюшы-режиссер: Е. Обаев, ҚР халық артисі, Т. Аралбай, ҚР еңбек сіңірген артисі

Қоюшы-суретші: М. Сапаров

Композитор: А. Райымкұлова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Режиссердің көмекшісі: А. Қабдешова

Премьера күні: 30.05.2004 ж.

Жанр: мюзикл

Ұзақтығы: 2 сағ.

Жас санаты: 14+

 

 

Әйгілі Шәмшінің жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері әрбір қазақтың аузында. Сол сұлу әндер өмірге қалай келді? Жалпы Шәмшінің өз тағдыры, өз махаббаты туралы не білесіз? Еріксіз биге жетелеп махаббатпен тебірентер Сыған серенадасы. Осы бір әнді оятқан сыған қызы Изольда жайлы естігеніңіз бар ма?

Ән махаббаты Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың Сыған серенадасы атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертіседі. Әуенге толы драма әсерге де толы.

Балейтмейстер: Г. Мұхамеджанова