Өтетін орыны: Нұр-Сұлтан қ., Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры
Премьера күні: 27-28 қаңтар 2016
Автор: О. Жанайдаров
Режиссёр: А. Абушахманов
Актерлар: А.Жетпісбаева, Н.Есен, А.Карпсейітова, Ж.Оспанов
Жанр: драма
Ұзақтығы: 1 сағат 35 мин
Жас санаты: 12+
Қосымша:
Компанияның 10 жылдығына орай happy10 промо-кодымен 30% жеңілдік беріледі
Қазақ халқының басына түскен қиындықтар аз емес. Солардың бірі ХХ ғасырдағы ашаршылық... «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» - деген ұранмен Сталин, Голощекиндердің саясаты жергілікті халықты қыру еді...
Осындай нәубетте адам боп қалу, болашақ ұрпақ үшін жанын пида ету кез-келгеннің қолынан келмес ұлы ерлік болатын. Бүгінгі спектакль Мәскеуде тұратын қандасымыз, жас драматург - Олжас Жанайдаровтың қазақ халқының тарихына үңілген алғашқы қолтаңбасы. «Көш жүре түзелер» деген сөз бар... Бұл қойылым да осы ата-бабалар рухына тағзым ету.
Қоюшы суретшісі - Шынар Елембаева
Музыкасын құрастырушы - Қайрат Тоқымбетов
Дыбыс режиссері - Гүлнафис Әминова