newWidget
Шоқан - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Шоқан

Авторы: С.Мұқанов  

Премьера күні: 20 қыркүйек 2020 жыл

Қоюшы режиссері: Ф.Молдағали

Қоюшы суретші, киім суретшісі: А.Сырбаева

Музыкалық жетекші: М.Жакупов

Хормейстер: Ю.Колчин

Хореограф: Ж.Темербаева, О. Ростовщикова

Сурдоперевод: В. Ховрошина

Жанры: перфоманс

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас санаты: 10+

Қосымша: 

Қазақия топырағындағы алғашқы демократ, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклоршы – Мұхаммед Қанафия Шыңғысұлы Уалиханов.

Сан салалы кәсіптің кілтін тауып, құлпын ашқан Шоқан өмірі қайраткерлік пен күрескерлікке толы. Отыз-ақ жыл ғұмыр кешкен тұлғаның жиһанкездік жолы тек жас ұрпаққа ғана емес, күллі адамзатқа өнеге екені даусыз.

Фольклорлық, әрі симфониялық оркестрді ұштастыра отырып сахналанған қойылымды «SENSETIVE» би тобы (есту қабілеті жоқ жандардан құралған труппа) перфоманс әдісі арқылы көрерменге жеткізеді.

«Аққан жұлдыз» романының негізінде қойылған «Шоқан» тарихи драмасы көрермен қауымының эстетикалық дүниетанымына өлшеусіз ой қосады деген сенімдеміз.