«Шәкәрім. Жолсыз жаза» - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Шәкәрім. Жолсыз жаза»

Өтетін орны: Семей қ., «Дариға-ай» жастар театры

Автор: "Мұтылғанның өмірі" поэмасының желісі бойынша

Жанр: трагедия

Қоюшы режиссер: Ж. Жұманбай

Қоюшы суретші: 

Жас санаты: 12+

Қосымша: 

 

 

 

«Шәкәрім Жолсыз жаза» поэтикалық қойылымы – ақынның көзі тірісінде өзінің өмірі туралы жазылған «Мұтылғанның өмірі» поэмасы және өлеңдері, әндері негізінде құрылып, жаңаша бір сипатта сахналық шешім тауып көрерменге жол тартып отыр.  

Негізгі мақсат: Шәкәрім мұрасын жан-жақты терең зерттеу, тану, таныту, келешек жас ұрпаққа ақын поэзиясын жаңаша театрландырылған қойылым арқылы насихаттау болып табылады. Сонымен қатар,  артына қалдырған асыл мұрасы, асыл қазынасын халық жүрегінде сақтау, таныстыру, қастерлеп, құрметтеуге шақыру. 

Отыз жыл бойы Құрқұдықта жатқан ақынның барлық мұрасы тұмшаланып, тек отыз жылдан кейін ғана жер аударылып кеткен ұлы Ахат Шәкәрімұлының еліне оралуы арқылы ақын мұрасы халқымен қайта қауышты.  

Шәкәрімнің  шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы болып саналады.

banner