Өтетін орыны: NOMAD CITY HALL концерттік залы, Нұр-Сұлтан қ-сы, Мәңгілік ел көш, 55/2, B2-3
Автор: А.Володин
Режиссері: Аридаш Оспанбаева
Аударған: М.Омарова
Жанр: драма
Ұзақтығы: 1 сағат 10 мин
Жас санаты: 16+
Қосымша:
Қай заманда қандай қоғамда болмасын отбасылық құндылықтың мәні жоғары бағаланады. Екі түрлі мінезді, сан қырлы таным-түсінікті бір арнаға тоғыстыру ерлі-зайыптылар өмірі үшін анау айтқандай оңай іс емес...
Орыс драматургы А.Володиннің отбасылық қайшылықтарға толы бұл пьесасы сот залына келген ажырасушы тараптардың арыз-шағымдарына арқау болған. Сот залындағы бес отбасының ажырасу себептері де әртүрлі. Сатқындық, суынған сезімдер, сыйластықтың құрдымға кетуі...
Ескерту: 19:00-ден кешіккен көрермендер театрға жіберілмейді!
Ескерту: Спектакль қазақ тілінде!
Ескерту: санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық жұмыс режимін белгілей отырып 65 жастан асқан көрермендердің келуін шектеумен ұйымдастыру жүргізілуде!