Махаббаттың формуласы қандай? Ғажап сезімнің құдіретін танып білдім, қыр-сырына қанықпын деп әркім айта ала ма? Дүниедегінің бәрінің де сыңары бар. Әуедегі аққу да екеу болып ұшады. Даладағы киік те екеу болып жүреді. Тіпті, жер астынан қылтиған көк те екі бүршік болып шығады.
Бес күн жалғанда екеу боп, бірің ренжісең, екіншің жұбатып, бірің күлсең, екіншің қуанып, бірің әке болсаң, екіншің шеше болып, ұл өсіріп, қыз өсіріп, отан болып отырудан артық қандай бақыт бар?! Қандай сүйіспеншілік бар?! Соның бәрін біле тұра, неліктен біз ғұмырымызды көңіл түкпіріндегі идеалымызды күтуге арнаймыз?!
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
ҒАЙНИ: Алтынай Нөгербек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ботагөз Мақсұтова, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
ЖІБЕК: Бегімнұр Қалила, Динара Егубаева
ҒАЙЫПБЕРГЕН: Қобыланды Болат
ГАУҺАР: Арай Омарова, Аяужан Малгаждарова
ЕСІМСЕЙІТ: Олжас Жақыпбек, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Бәзіл Сұлтанғазы
ТӘУКЕН: Жанат Оспанов, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Ақжол Мамыр