«Қазақ осы – құда бол деп қинайтын, құдаларын Құдайындай сыйлайтын». Әйткенмен, заманына қарай адамы, бұл жолғы құдалықтың жөні сәл басқалау...
Ақ босаға аттағалы тұрған қалыңдықтан ұлттық әдет-ғұрыпты жетік білуді талап етеді. Себебі, жігіттің ата-анасы инабатты, қазақтың жөн-жоралғысын, дәстүр-салтын жетік білетін келін түсіруді армандаған еді. Оқиғаға екі жақтың үлкендерінің араласуына тура келеді. Құдалар мықтылығын көрсетуге тырысып, мақтанады, қыз жағы қалыңмалдың құнын асыра сұрайды, бір-біріне орындалуы қиын уәделер береді. Бірақ, мал-мүлік, қаражат, құдалардың бәсекесі, жастардың сезімін сынағанмен, олардың махаббатына кедергі бола алмады. Шым-шытырық шиеленіс, қызықты тартыс «Құдалар» комедиясының негізгі өзегі. Қойылым күлдіре отырып ой салады, берер ғибраты мол, қазақы әзіл-қалжыңға толы.