«Қос мұңлық» спектаклінде қоғамдағы қарттар мәселесі тереңінен сөз болады. Қоғамға, бала-шағаға бойындағы бар күш-қайратын сарқып берген қарт кісілер неге өз балаларынан қасірет көреді? Жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық індеті асқындап, ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын ұмытып, қатыгездікке салынуға не себеп? Қойылымдағы осынау ащы сұрақтардың жауабын сіздің де іштей іздеп, ойланып-толғанып шығарыңыз күмәнсіз.