Адам баласының тұрмыс үшін күресі, қоғамдағы өмір сүру шаралары, бостандық іздеген ескі ғұрыптардың құрбандары болған жастар тағдыры баяндалады. Жалпы пьесаның идеялық мазмұны қос жас Қарагөз бен Сырымның махаббатында үлкен кедергі - салт. Ол – екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы. Aсығыстық шешім мен жастықтың қармағына түсіп, құмарлықтың елтіген уын ішкен жастар тағдыры.