Ләйлі-Мәжнүн - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Ләйлі-Мәжнүн

Ләйлі-Мәжнүн/Театр им. К. КуанышбаеваАвторы: Низами Гәнжәуи

Премьерасы өткен уақыт: 27-28 ақпан 2019 жыл

Қоюшы режиссері:  Барзу Абдураззаков

Жанр: поэма

Ұзақтығы: 1 сағат  35 мин

Жас ерекшелігі: 16+

 

 

 

 

Поэманың оқиға желісі: Араб елінде бір перзентке зар болған дәулеті асқан бай Алладан жатса-тұрса бала сұрайды. Тілегі қабыл болып, бір ұл көреді. Каис ер жеткенде Ләйліні көріп, ғашықтықтың торына шырмалады. Қыздың сұлулығына қайран қалған жігіт есінен танып, ақылынан адасады. Әкесі Ләйліні басқа адамға қосады. Мұны естіген ғашық жігіт жапан түзді кезіп кетеді. Сөйтіп, Каис «Мәжнүн» аталады. Елден жырақ кеткен Мәжнүннің көкірегі толған ащы шерді ұшқан құс пен жортқан аңнан басқа ешбір жан түсінбейді. Жапа шегіп, жаны күйзелген Мәжнүн Ләйлінің өлгенін естігенде есінен танады. Сүйгеніне қолы жетпей бұл өмірден ол да өтеді. Кейбір ғалымдар «Ләйлі – Мәжнүн» жырын сопылық поэзия үлгісінде жазылған, символдық мәні терең жыр деп таниды.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Дәруіш - Ержан Нұрымбет

Ләйлі - Инабат Әбенова

Мәжнүн - Олжас Жақыпбек

Ибн-Сәләм - Жанат Оспанов

Мәжнүннің әкесі - Қуандық Қыстықбаев

Мәжнүннің анасы - Алтынай Нөгербек                                  

Ләйлінің анасы - Ботагөз Мақсұтова

және Кемпір               

Ләйлінің әкесі - Мейрам Қайсанов

Достар және - Алтынгүл Серкебаева

Періштелер - Инабат Әбенова, Нұрсұлтан Есен, Олжас Жақыпбек, Айнұр Жетпісбаева, Арай Омарова, Айкөркем Тұранова, Ерсін Айтмұқаш, Ерғұлан Жанпейісов

Қоюшы суретші – Қанат Мақсұтов

Спектакльге «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын жырлаған Хафиз,  Мұхаммед Физули,  Жалаледдин Руми және Шәкәрім Құдайбердіұлының өлең жолдары қосылды.

Пьесаның қазақша аудармасы - Таир Жароков, Тәкен Әлімқұлов, Ғали Орманов, Қасым Аманжолов, Жақан Сыздықов, Дихан Әбілов сынды авторлардан алынды.

banner