Бұл қойылым адам мен табиғат арасындағы байланысты өзек ете отырып, адамзатқа ортақ мәселелерді қозғайды. Мұнда бастан-аяқ екі актер ғана ойнайды. Өзгеше бір формадағы, ерекше қойылым үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде аңшылықты ата кәсіп етіп дәніккен Қожажас, шектен шыққаны соншалық, айналадағы аң біткенді қырып-жойып жібереді. Соңғы көздегені, зарлы күй кешкен дәрменсіз сұр ешкі еді. Бірақ, сол бір ешкіден айласын асыра алмайды...
Актерлар:
Қожажас, Актер, Әмір, Капитан – Төлеубек Көңбай «Мәдениет қайраткері»
Зулайқа,Актриса, Гаухар – Маржан Бөкешова «Мәдениет саласының үздігі»