Ханзада (Hamlet) - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Ханзада (Hamlet)

ХанзадаӨтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., «Жастар»​ театры

Автор: У. Шекспир

Премьера күні: Наурыз, 2020 жыл

Режиссёр: Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретші: Ерлан Тұяқов, «Үміт» сыйлығының иегері

Костюм суретшісі: Алтынбек Ермұхан

Композитор: Әсем Омарова

Жанр: трагедия

Қосымша:

 

 

Кейіпкерлер: 

  • Гамлет — Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Клавдий — Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,                 Мемлекеттік сыйлықтың иегері
  • Полоний — Жандаулет Батай, Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Гертруда — Айнұр Рахипова, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Офелия — Назерке Серікболова, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Горацио — Бахыт Хаджибаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Лаэрт — Данияр Уразаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Розенкранц – Аслан Жанұзақов
  • Гильденетерн —Шыңғыс Жақыпбай
  • Озрик — Ербол Тілеукенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Әртістер – Шәйкенов Елдос, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Майдина Май, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Бірінші қабірші – Азамат Эсқұлов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Екінші қабірші – Нұрбек Әділбек
  • Гамлет әкесінің әруағы – Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Трагедияның басты кейіпкері — корольдің жалғыз ұлы ханзада Гамлет. Әкесі қастандықпен өлтірілгеннен соң, көп ұзамай анасының тақты иемденген туысқан ағасы Клавдийге тұрмысқа шығуы Гамлетті шексіз жан азабына душар етеді. Оның көзіне бүкіл дүние қараңғы, тұңғиық, мазмұнсыз көрінеді. Тосыннан болған мұндай қорқынышты оқиғалар оны әділетсіздіктер мен зұлымдықтар дүниесіне қарсы күреске шақырады. Әкесінің өлімі үшін кек алудан бөлек, ендігі жерде ол өзімен, өзіндегі қарама-қарсы, күрделі ойлармен, түсініктермен арпалысады.

«Өлмек пе, қалмақ па — ендігі сауал екі ұдай. Өмір, өлім — арпалыс...» деп аласұрған Гамлет жанының бұл күйі бүгін де өз көкейкестілігін кеміткен жоқ. Керісінше, адамзат өркениет биігіне бойлаған сайын адамның өзіне, қоғами қайшылықтарға қатысты қояр сауалы да көбейіп келеді. Жастар театры сахнасына жол тарқан айтулы классика Гамлет басындағы қайшылыққа толы күйді жаңа заман көзқарасы негізінде сараптайды. Сол арқылы күллі адамзаттық мәселелерді сөз етеді. 

«Гамлет» – ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің әлем бойынша ең көп сахналанған шығармаларының бірі.  Туындыда адам жанының сан түрлі мінезі ашылады. Қойылымның көрерменін ойлантар орайлы, ойлы тұстары мол.    
 

banner