Хан кегі. Гастроли театра Жантурина - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Хан кегі. Гастроли театра Жантурина

Хан кегіАвтор: С.Нұржан

Премьера күні: 

Режиссёр: Г.Мерғалиева

Жас санаты: 14+

Жанр: поэтикалық драма

Ұзақтығы: 1 сағат 40 мин

 

 

 

 

 

«Хан кегі» - бізге дейінгілер жазып кеткен тарихта шындық деп таңбаланғанның бәрін ақиқат деп қабылдай аламыз ба деген сұрақтың жауабын тарқатуға ұмтылыс жасалатын поэтикалық драма. Ақиқатты іздеуді қазақтың елдігіне ниеті теріс, пиғылы жаттардың мынау тарихың деп қалдырған қитұрқы жазбаларынан емес, сол дәуір тұлғаларының мақсат- мұратын, адамгершілік болмыстарын ашатын нақты амал-әрекеттерден өрбітеді. Халқымды қайткенде жалмауыз кейіпті замананың жұтқынынан аман алып қаламын деп шарқ ұрған Әбілқайыр хан қапияда опасыздық пен аярлықтың құрбаны болды .Тақ төңірегіндегілердің ханға қастандықтың халыққа сатқындық екенін ұғып, ұлысты ұйытып, құныкерін ел алдында тізерлетуге дәті жоқ...Орданың еңсесін түсірмей тіреп тұрған Әбілқайырдың тар төсекте сырласы, ел қамында мұңдасы, басына басы тең жолдасы Бопай ханымның ақыл –парасты мен досты мерейлендіріп, дұшпанды иментетін айбыны ғана.Арыдан ойлайтын асыл текті Бопай хан кегінің жоқтаусыз кетуі әулет үшін ғана емес қабырғалы халқы үшін арға сын, елдіктің болашағына шабылған балта екенін болжаулы.Сөйтіп Маңғыстауды кеңінен жайлаған төркін жұртына хабар салулы. Онсыз да елеңдесіп жүрген қалың адайдың билері байламын айтып, Шотан, Қонай, Арғынбай, Айбас батырлары атқа қонулы ...Ханның басын қара алмайтын елдіктің салтын бұзбай, қан төгіп, бас жармай- ақ, ел алды түгілі жарық дүниеге көріне алмайтындай етіп қалың қазақтың ақ киізге көтеріп сайлаған қалаулы ханының кегін қайтарулы!

banner