newWidget
Қаракөз - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Қаракөз

Қарагөз сұлу мен ақын Сырым бір-біріне өлердей ғашық жастар. Алайда мінезі қатал, бір елдің билеп-төстеушісі, қара емендей айтқанынан қайтпайтын  Мөржан әже олардың  махаббаттарына  бар болмысымен  қарсы тұрады. Сөйтіп қанша жақсы көретін аяулы немересін бай-манап Наршаға ұзатады. Ол да Қарагөзді жақсы көреді, өзінше сүйеді. Ғашығынан айрылған Қарагөздің нәзік жаны бұл қасіретті көтере алмай жынданып, ақыр соңында өледі.

Сол заманның қатал салт-дәстүрі мен тәртібі  бір-бірін сүйген  Сырым мен Қарагөзді айырып, Наршаны да өкінішке қалдырып, қайғылы тағдырға душар етеді. Ессіз ғашық болған ақын Сырым Қарагөзге деген сезімін мәңгілік ету үшін, әрі қарай өмір сүріп, махаббатты жырлап өтуге бел буады.

Мәңгілік тақырып – махаббатты қара сөзбен жырлаған, ерте заманғы ескілікті көзқарастан туатын адамдар арасындағы шым – шытырлық оқиғаларды көреміз.