Өтетін орыны: Астана қ., Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры
Премьера күні: 5-6 маусым 2019
Автор: И. Кальман
Режиссер: Нұрлан Жұманиязов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дирижер: Ерлан Бейсембаев, «Мәдениет саласының үздігі»
Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов
Киім суретшісі: Шынар Елембаева
Музыка өңдеушісі: Хорлан Қалиламбекова, Қазақстанның Халық артисі
Хормейстер: Амантай Жұмашев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Хореограф: Салтанат Сұңғат
Концертмейстер: Татьяна Развина
Дыбыс режиссері: Ләззат Қыстықбаева
Режиссердің ассистенті: Жасұлан Ерболат
Режиссер көмекшісі: Гүлзейнеп Әлкенова
Театрдың көркемдік жетекшісі: Қуандық Қыстықбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жанр: музыкалық комедия
Ұзақтығы: 1 сағат 40 мин
Жас санаты: 12+
Қосымша:
*Спектакль театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Бас дирижері – Ерлан Бейсембаев, Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі»
Венгер композиторы Имре Кальманның «Чардаш королевасы» («Сильва») атты опереттасы әлемдік театр репертуарынан түспей қойылатын таңдаулы дүние. Кабаре әншісі, қара халықтан шыққан Сильва мен ақсүйек, бай баласы Эдвин екеуінің махаббаты арқау болған музыкалық спектакльде көңілді, мерекелік атмосфера салтанат құрған. Музыкалық спектакльде зұлымдық иелері жоққа тән. Азаттық рухы мен шынайы махаббат көл-көсір әсем музыканың қабатымен жарқырай түседі.