newWidget
Гедда Габлер. Премьера! - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Гедда Габлер. Премьера!

 

Көрікті және ешкімнің оңайлықпен қолы жеткізбейтін генералдың қызы Гедда Габлердің тағдыр тақтасына уақыттың өтуімен болып жатқан өзгерістер өрнек салып, үлкен қиындықтарға әкеп соғады. Әкесінің қайтыс болуы, алаңсыз жастық шақтың шырқын бұзып, байлыққа толы баянды кездер де сарқыла бастайды.

Гедда тұрмыс құрады... Жаңа отбасылық өмірге қалыптасу қаншалықты қиын болғанымен, аяғы ауыр болғандықтан бәріне көніп, шыдауға мәжбүр болғанымен, мейірімді ана, ақылды жар болып көпке жақсы көріну, Гедданы әбден мезі етеді. Дегенмен, осындай санаңды тұншықтырар тұманды жәйсыздықтарды Гедданың бұрынғы махаббатының қалаға қайтып оралуы сейілтіп, қуаныш сыйлайды. Енді, Гедданың алдында екі таңдау бар. Өз бақытыңды ойлап, қалауыңмен өмір сүру. Әлде, адал болу...

Жауабы жұмбақ бұл сана-сезімнің қақтығысында қиындықтан шығар жол тек - өлім бе?