Ертегілер әлемі - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Ертегілер әлемі

Ертегілер әлеміӨтетін орны: Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК.

Күні: 1 маусым, 2022 жыл

Басталуы: 19:00

Әртістер: 

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 3+

Қосымша:

 

 

 

Халықаралық балалар күнінде танымал артистер мен дарынды орындаушылардың сахнаға бірге шығып өнер көрсетуі астаналық филармонияның жыл сайын өткізетін ерекше дәстүріне айналды. Ересектер мен балалардың бірлескен қойылымы отбасылық  мерекелердің біріне айналды.

Бұл бағдарлама болашақта бірнеше музыкалық сахнаны бағындыратын дарынды жас музыканттар үшін маңызды оқиға болмақ. Елордалық филармония артистері өз кезегінде шығармашылық өсу мен жас таланттарды қолдау үшін қолайлы жағдай ұсынуға тырысады.

Биыл «Ертегілер әлемі» концертіне Шолпан Қорғанбектің «Артспорт өнер» студиясының балалары, филармонияның классикалық және эстрадалық вокал орындаушылары (көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызы), Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбектің жетекшілігімен Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енген «Қорқыт» этно-ансамблі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Болат Алпысбаевтың жетекшілігімен «Qazband» ұжымы қатысады.

Шолпан Қорғанбектің айтуынша, Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше мереке. «Балалық шақ үлкен махаббатқа, өнерге толы болуы керек. Ал музыка оған шабыт береді. Концертке кішкентай кезінен дайындық орталықтарында оқып, түрлі концерттер мен байқаулардың жүлде иегерлері  «Артспорт Өнер» студиясының талантты тәрбиеленушілері қатысады. Балаларға алаңсыз балалық шақ пен бақытты сәттер тілеймін!» – деді ол.

Кеш барысында «Артспорт» студиясы балалары мен Еркеғали Рахмадиев атындағы филармония орындаушылары – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлнұр Оразымбетова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұрбол Балапанов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Әйгерім Ораз, Отан Парасат, Ақбота Құснадин, Айдын Жұмабай, Диана Май, Әкімхан Мәженов, Мұратбек Хайролданың орындауында заманауи композиторлардың әндері мен «Алдар көсе», «Чунга-чанга», «Маша мен аю», «Едет трактор», «Фиксики», «Арыстан патша» «Алладин», «Сұлу мен құбыжық» және т.б. мультфильмдерінің әуендері шырқалады. Сонымен қатар, концертке «ALEM» эстрадалық би ансамблі қатысады.

Концертте жеке вокалдық және аспаптық өнер көрсетулермен (флейта, ксилофон) қатар «Qazband»  және «Қорқыт» этно-ансамблінің сүйемелдеуімен вокалдық және аспаптық дуэт  болады.

Концерттік бағдарлама жаз мезгілі мен керемет жазғы демалыстың ұмытылмас бастамасы болмақ!

banner