...Еркін өмір елім саған! - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

...Еркін өмір елім саған!

Өтетін орны: Е. Рахмадиев атындағы «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК.

Күні: 4 маусым , 2022 жыл

Басталуы: 17:00

Әртістер: 

Тұрақ: 

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева өзінің шығармашылық кешін осы маңызды мемлекеттік мерекеге арнап отыр.

Нұржамал Үсенбаева қазақ еліне ғана емес, әлемге танымал бірегей талант иесі, ол дүние жүзіне белгілі ең ірі өнер ордалары:

  • «Carnegie Hall» (Нью-Йорк, АҚШ),
  • «Cortot» (Париж, Франция),
  • «Conzertgebaum» және «Care» (Амстердам, Голландия),
  • «Coliseum» (Лиссабон, Португалия),
  • Үлкен театр,
  • Мәскеу консерваториясының Үлкен және Рахманинов залдары (Мәскеу),
  • Үлкен филармония залы (Санкт-Петербург),
  • Мұса Жәлел атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театры (Қазан)
  • және т.б.

сахналарында өткен концерттер мен опера қойылымдарына қатысып, үлкен жетістікпен өнер көрсетіп жүр.

«Мен – әртіспін, сондықтан жан-жақты болуым керек! Менің жұмыс істеуге, ізденуге деген ұмтылысым шексіз, бір орында тоқтап қалмауым қажет»... Нұржамал Үсенбаева өзінің шығармашылық ұстанымын дәл осылай жеткізген еді. Әнші опералық партияларды ғана емес, оперетталар мен мюзиклдерден партияларды, камералық және вокалдық музыканы, қазақтың халық әндерін, тіпті джазды тамаша орындай отырып, сөзін шығармашылығымен дәлелдеп келеді. Опера жұлдызы әрбір әнге немесе арияға жан-дүниесімен бойлап, мінсіз орындауға көп күш-жігерін салады. Әншінің айтуынша, «репертуарындағы әрбір шығармадағы музыкалық образ оған ерекше қымбат» екен.

Сыншылар: «Жаныңды бірден баурап алатын, бұлақтай сыңғырлаған, нәзік те терең, рухты, бояуы қанық дауысты естігенде шыдап тұра алар жан бар ма екен?! Оның дауысын естігеннен өзіңді ұмытып, нәзік сұлулығына сүйсініп, қайран қаласың…», – деседі.

Сіздерді осындай ғажайып дауысты тыңдауға және «...Еркін өмір елім саған!» атты тамаша шығармашылық кештің куәсі болуға шақырамыз! Кеште Нұржамал Үсенбаева өзінің ауқымды және алуан түрлі репертуарынан «Алқоңыр», «Дедімай-ау», «Біржан- Сара операсынан» Айтыс және т.б. тамаша туындыларды орындайды.

Концерт Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин, Азамат Жылтыркөзов, «ДАРЫН» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынбек Әбілда, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Алтынбек Арыстанбек, Талғат Аллабиринов, сондай-ақ елорда филармониясының Қазақ оркестрі (бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов, дирижер – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов), Камералық хор (бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова), «Шалқыма» халық би ансамблі(көркемдік жетекшісі – «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет қайраткері Әбдірасул Есекеев), Классикалық және эстрадалық вокал бөлімі әншілері (көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Арайлым Рахымқызы)қатысуымен өтеді.

banner