Достық пен қулық - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Достық пен қулық

Достық пен қулықӨтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: С. Астраханцев

Премьера күні: Желтоқсан, 2015 жыл

Режиссёр: Мәдениет саласының үздігі Бейбіт ҚҰСАНБАЕВ

Жанр: ертегі

Ұзақтығы: 

Жас санаты: 

Қосымша:

 

 

Достықтың кілті – татулықта. Айналаңа жақсылық жасап, қиын сәтте көмек қолын созуда. С. Астраханцевтің  «Достық пен Қулық» ертегісінің негізгі айтар түйіні – дәл осы оймен үндеседі. Қойылым түлкінің қатігез әрекетімен жамандықтан жирендіріп, балапанның мейірімді мінезін көрсету арқылы  бүлдіршіндердің балғын танымына ізгілік дәнін себуге ұмтылады.   Қу түлкі және ақжүрек қоян мен оның мейірімді достарының арасында өрбитін шытырман да қызықты оқиғаның  кішкентай көрермендерді қайырымдылыққа  баулып, жақсы іс жасауға жетелеуде берер тәлімі мол.   

Кейіпкерлер:

  • Қоян – Шехназа  Қызыханова, «Үміт» сыйлығының иегері
  • Түлкі – Дәурен  Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Данияр  Уразаев
  • Тасбақа – Диана   Смағұлова, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Күркетауық – Айым Жүсіпбекова, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Римус көке – Ербол  Тілеукенов, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
  • Әбітәліп Әміре
  • Мекиен – Қаламқас Мелисова
  • Аю – Елдос   Шайкенов
banner