Әр туындысы әлемге әйгілі болған Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн...» романы тағдырдың тарамыс айыр жолдарын суреттеген ғасырлық туынды. Бір бойына Боранды бекет, Сарыөзек, ел іші, Жер планетасы сынды бірнеше ауқымды кеңістікті сыйдырып тұрған шығарманың айтары мол. Осы кеңістіктердің тоғысында жазушы қаламынан бас кейіпкер Боранды Едігенің кескіні қалыптасқан.
«Боранды бекет» қойылымында Қазанғаптың ақтық аманаты орналады ма? Ғасырға татыған бір күн ішінде аса жауапты сапардың нәтижесі қалай болмақ?
Авторы – Шыңғыс Айтматов. Аударған – Шерхан Мұртаза. Режиссер – Уланмырза Карыпбаев. Қоюшы суретші – Алан Саймин.