Бір кеште екі спектакль - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

Бір кеште екі спектакль

Бір кеште екі спектакльПремьера күні: 25.02.2022ж.

Жанр: моно спектакльдер

Ұзақтығы: 

Жас санаты: 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейтаныс таныстар

 Әйелдің жанын кім түсініпті? Оны түсінем деп талпынған пенденің еңбегі еш, тұзы сор. Себебі әйелдің көңіл-күйі құбылмалы, бірде көктем, бірде күз. Мұңы мен зары да өткінші жауын іспеттес, қазір төпеп құйып бергенмен, іле-шала жадырап шыға келеді.  Бұл – оның бір келбеті. Тағы бір сипаты – түпсіз терең тұңғиық, сиқырлы да сырлы әлем. Ол жақтың сап-сары сазы да, қоңыр әуен бояуы да өзгеше. Оның тағы бір келбеті бар... Тағы... Және тағы... Біз Сізді Әйел атты симфонияны тыңдап, оның Тағдыр құпиясын бірге ашуға шақырамыз. 
*Спектакльде жалғыз актриса төрт әйелдің образын сомдайды.

Қайдасың, мама?!

Өмірді Алла жаратқан ақ, адал қалпыңда бірқалыпты сүріп шығу мүмкін бе? Тағдырдың тажал ағыны бірде сыртқа тепсе, бірде мүләйімсіп бауырына тартады, бірде лапылдаған тозақ-жалын болып қамаласа, кейде біртоға, бұйығы сезімге айналып тығырыққа тірейді, дыбыссыз ышқындырады. Ондай сәттері шақыратын жалғыз адамың бар, ол – Анаң...

banner