«Белоснежка и семь гномов» (AstanaOpera) - Система онлайн-покупки билетов в кино и на концерты Ticketon.kz

«Белоснежка и семь гномов» (AstanaOpera)

 

2021 / 2022           Большой зал                 IХ сезон

19 ноября * пятница * 19.00

20 ноября * суббота * 18.00

 

ПРЕМЬЕРА

 

Тибор Кочак

«Белоснежка и семь гномов»

Детский балет в двух действиях

 

Либретто Дюлы Харангозо по мотивам одноименной сказки братьев Гримм

 

Премьера состоялась в Национальной опере «Эстония» 1 февраля 2008 года

Премьера в театре «Астана Опера» – 19, 20 ноября 2021 года

 

Постановка Венгерской государственной оперы

 

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы хореограф – Дюла Харангозо
Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев
Сценограф – Кентавр
Костюмдер бойынша суретші – Рита Велих
Жарық бойынша суретші – Михаил Епанчин
Қоюшы хореографтың ассистенті – Бланка Файт
Қоюшы дирижердің ассистенті – Руслан Баймурзин
Сценографтың ассистенті – Питер Халаш Г.
Тәлімгер ұстаздар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбеков,
Ғалия Бегалина, Дамира Зайнуллина, Николай Коршунов
Балет труппасының көркемдік жетекшісі–
Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі

Венгриялық композитор Тибор Кочак және хореограф Дюла
Харангозомен жазылған «Ақшақар мен жеті ергежейлі» балеті оның
авторларына әлемдік атақ әкелді. Спектакль 120 рет Венгр мемлекеттік
операсында, «Эркель» театры мен Сегед қаласында ашық аспан астындағы
фестивальде көрсетілді. Бұл – Эстония, Ресей, Финляндия, Австралия,
Гонконг, Макао сынды елдерде Венгрияның ұлттық мәдениетін сәтті паш
етіп жүрген заманымыздың анағұрлым жиі сахналанатын балеттерінің бірі.
Ағайынды Гриммдердің «Ақшақар мен жеті ергежейлі» ертегісін
білмейтін бала жоқтың қасы. Ол – жетім ханшайым мен үнемі айнадан
«әлемдегі ең сұлу кім?» деп сұрайтын оның зұлым өгей шешесі туралы оқиға.

Бойжеткен Ақшақарға деген қызғаныш патшайымды қастандыққа
итермелейді – ол қызметшісіне қызды орманға апарып өлтіруді бұйырады,
алайда ханшайым ергежейлілердің үйінде жасырынып үлгереді. Ақшақарды
өгей шешенің қудалауынан кім және қалай құтқаратынын кішкентай
көрермендер (сондай-ақ үлкендер де) жақсылық пен жамандық, сенгіштік,
кіршіксіз әрі шынайы махаббат туралы баяндайтын осынау балет-ертегіден
білетін болады.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ақшақар – Аделина ТӨЛЕПОВА (19.11) /

Мәдина БАСБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (20.11)

Ханзада – Далер ЗАПАРОВ (19.11) / Данияр ЖҰМАТАЕВ (20.11)
Патшайым – Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (19.11) /
Гауһар УСИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (20.11)
Мыстан – Қуат КӘРІБАЕВ (19.11) / Ильдар ШАКИРЗЯНОВ (20.11)
Аңшы – Олжас ТАРЛАНОВ (19.11) / Айбар ТОҚТАР (20.11)

ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР:

Аңқау – Сұлтанбек ҒҰМАР (19.11) / Бейбарыс АҚАРЫС (20.11)
Көңілді – Нима ТОКОВ (19.11) / Жансерік АХМЕТОВ (20.11)
Ақылды – Жанәділ БЕЙСЕМБИЕВ (19.11) / Олжас МАХАНБЕТӘЛИЕВ (20.11)
Ұрысқақ – Бақытжан ТАЛҒАТҰЛЫ (19.11) / Қуат КӘРІБАЕВ (20.11)
Түшкіргіш – Олжас ӘНУАРБЕК (19.11) / Евгений РЫБКИН (20.11)
Ұйқышыл – Жаннар НАРЫНБЕКОВ (19.11) / Ислам ТҰРҒАНОВ (20.11)
Кішіпейіл – Абзал НҰРМАХАН (19.11) / Санжар ӘУБӘКІРОВ (20.11)

ЖЫН-ПЕРІЛЕР:
Күлгін – Үміт ТОҚТАРБАЕВА (19.11) / Нұрай НҰРСАФИНА (20.11)
Жасыл – Әмина МҰСТАФАЕВА (19.11) / Жұлдыз ЖҰМАЖАНОВА (20.11)
Қызыл – Мао СУДО (19.11) / Әнел ЕСҚАЛИЕВА (20.11)

«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ ЖӘНЕ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Ұзақтығы – 2 сағат (бір үзіліспен)

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады

banner